
ПРЕСС-РЕЛИЗ
2026 жылғы 20 қыркүйек Павлодар қаласы
«Бетховен мен Моцарт. Данышпандар диалогы»
Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары!
Павлодар облысының Иса Байзақов атындағы филармониясы жаңа, мерейтойлық 85-маусымның алғашқы концертіне шақырады. Маусымды филармонияның симфониялық оркестрі ашады. Бағдарламада Вольфганг Амадей Моцарт пен Людвиг ван Бетховеннің шығармалары орындалады. Солист – пианист-виртуоз Асқар Құлшәріпов (Алматы). Дирижер – Диас Усенов.
Күні: 20 қыркүйек (жексенбі)
Басталуы: 17:00
Өтетін орны: Павлодар қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 1, И. Байзақов атындағы филармонияның концерт залы
Жазғы шағын үзілістен кейін филармония музыканттары тыңдармандарымен қайта қауышуға дайындалуда. Қазір күн сайын репетициялар өтіп жатыр. Ал мерейтойлық маусымның алғашқы концерті филармония көрермендері үшін әзірлеген ауқымды музыкалық бағдарламаның бастауын ашады.
Екі данышпанның музыкасына арналған кеш Моцарттың K. 492 «Фигароның үйленуі» операсына жазылған увертюрамен ашылады. Бұл – шапшаңдығы мен жарқындығы қатар үйлескен, композитордың опера жанрындағы шеберлігінің символына айналған музыка.
Одан кейін Бетховеннің Бесінші симфониясы орындалады. Бұл шығарма әлемдік классиканың символына әлдеқашан айналған. Оның әйгілі алғашқы әуенін академиялық музыканы сирек тыңдайтын адамдардың өзі біледі. Симфонияда драматизм де, ширығу да, қуатты ішкі энергия да бар.
Бағдарламаны Вольфганг Амадей Моцарттың фортепиано мен оркестрге арналған До мажордағы №21 концерті, K. 467 қорытындылайды. Мұнда солистің виртуоздық шеберлігі оркестр үнінің әсемдігімен астасады. Фортепиано партиясын Павлодар музыкалық колледжін және Құрманғазы атындағы консерваторияны тәмамдаған, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Асқар Құлшәріпов орындайды.
Жаңа маусымға орай филармонияда көптеген музыкалық аспап жаңартылды. Тыңдармандар олардың үнін алғашқы концерттен-ақ бағалай алады.
Мерейтойлық 85-маусымда сіздерді көптеген қызықты жобалар, жаңа бағдарламалар мен тамаша орындаушылардың қатысуымен өтетін шығармашылық кештер күтеді. Әрине, әлемдегі ең үздік музыка да көп орындалады.
Тұрақты тыңдармандарымыз бен жаңа достарымызды 85-мерейтойлық филармония маусымында тамаша музыкадан бірге ләззат алуға шақырамыз!
МАҢЫЗДЫ! Концерт залының есігі іс-шара басталғаннан кейін 10 минут өткен соң жабылады. Сусындар мен тамақ өнімдерін залға алып кіруге тыйым салынады.
Билеттерді филармонияның кассасынан және Ticketon.kz онлайн-сервистерінен алуға болады.
Байланыс телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97
Электрондық пошта: isa.baizakov2012@yandex.kz