
ПРЕСС-РЕЛИЗ
05 қыркүйек 2026 жыл Павлодар қаласы
«SAMIYAN» тобының ERTIS PROMENADE сахнасындағы концерті
Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары!
Павлодар облысының Иса Байзақов атындағы филармониясы сіздерді ашық аспан астындағы ерекше музыкалық кешке шақырады. ERTIS PROMENADE сахнасында «SAMIYAN» вокалдық тобының сүйікті әндері шырқалады.
Күні: 5 қыркүйек, сенбі
Басталуы: 19:00
Өтетін орны: ERTIS PROMENADE
«SAMIYAN» өз бағдарламасында әр дәуірдің музыкасы мен түрлі музыкалық дәстүрлерді тоғыстырады. Таныс әуендер жаңа сипатқа ие болып, сүйікті әндер тыңдармандарды қымбат естеліктерге жетелейді.
Ертіс жағасындағы кеш бағдарламасында – махаббат туралы және жақсы музыканы сүйетіндерге арналған әндер: эстрада классикасы, әлемдік хиттер, қазақ лирикасы және неаполитандық әндер. Сахнада Қанат Абдығомар, Бағлан Тойбеков, Диаз Шахметов, Мақсат Нышанбаев және Аллажар Саттаров өнер көрсетеді.
Кеш барысында «Егер бұл махаббат болмаса», «Нелюбимая», Юрий Антоновтың «Нет тебя прекрасней», «Там, где клён шумит», «Ойладың ба», «Дариға жүрек», «Город влюблённых людей», сондай-ақ Владимир Пресняковтың «Замок из дождя» әндері және «Ласковый май» тобының әндерінен попурри орындалады.
Бағдарламаның шетелдік бөлімі концертке оңтүстікке тән темперамент пен романтикалық көңіл күй сыйлайды. Танымал квинтеттің орындауында «Historia de un amor», «Cuidar nuestro amor», «Dicitencello vuie» және «Amore scusami» әндері шырқалады.
Ертіс жағалауындағы ашық аспан астындағы концерт – қыркүйектің кешін тыңдап қана қоймай, бірге шырқайтын сүйікті әуендермен өткізудің жақсы мүмкіндігі.
Байланыс телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97
Эл. пошта: isa.baizakov2012@yandex.kz