
16 қазан 2026 жыл Павлодар қаласы
«WORLD OF MUSIC – САЗ ӘЛЕМІ»
Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары!
Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармониясы сіздерді ешкімді бейжай қалдырмайтын «WORLD OF MUSIC – САЗ ӘЛЕМІ» концертіне шақырады. Бұл – филармонияның жаңа, 85-ші мерейтойлық маусымындағы Рүстембек Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің алғашқы концерті.
Күні: 16 қазан (жұма)
Басталуы: 19:00
Өтетін орны: Павлодар қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 1, Иса Байзақов атындағы филармонияның концерт залы
«WORLD OF MUSIC – САЗ ӘЛЕМІ» – ұлттық аспаптардың үйреншікті шеңберден шығып, сан алуан музыкалық бағыттарды тоғыстыратын концерт. Бір бағдарламада қазақтың күйлері мен әндері, авторлық шығармалар, әлемдік классика, кино музыкасы және көпшілікке танымал әуендер орындалады.
Көрермендер павлодарлық жас композитор, талантты музыкант-мультиинструменталист Ұғыбайдолла Мүфтәннің заманауи авторлық шығармалары мен оркестрге арналған өзіндік аранжировкаларын тыңдай алады.
Дирижері – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Берік Ақатаев. Арнайы қонақ – Құрманғазы атындағы аңызға айналған оркестрдің артисі Ажар Еркебұланова.
Ұғыбайдолла Мүфтән Павлодардың жаңа буын композиторларының қатарында. Оның шығармалары филармониның репертуарына еніп, еліміздің түрлі сахналарында орындалып жүр. Композитор дәстүрлі музыкалық ортада да, заманауи музыкалық бағытта да өзін еркін сезінеді. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы оркестрдің мүмкіндігін жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді.
Бағдарламада оның «Алаш қырандары» және «Қалмақ қырылған» күйлері орындалады. «Алаш қырандары» шығармасына Ұғыбайдолла жиырма оркестрлік партия жазып, әр ұлттық аспапқа өзіндік партия берген.
Бірінші бөлімде туған жердің музыкасы шырқалады. Көрермендер Иса Байзақовтың «Желдірмесін», Жаяу Мұсаның «Сұрша қызын», «Ақсақ құланды», «Ақеркесін», «Ақбақайын», «Ақмарасын», Қайырбек Сатиев пен Иосиф Тамариннің шығармаларын, сондай-ақ Ұғыбайдолла Мүфтәннің авторлық күйлерін тыңдайды.
Одан әрі Secret Garden шығармалары, Антонио Вивальдидің «Storm» туындысы, «Великолепный век» телехикаясының музыкасы, Ханс Циммер мен Джон Пауэллдің «Кунг-фу Панда» мультфильміне жазған музыкасы, сондай-ақ «Naruto» анимесінің музыкалық тақырыптары орындалады.
Ханс Циммер мен Джон Пауэллдің «Oogway Ascends» шығармасын сыбызғының орындауында тыңдау әсіресе қызықты болмақ. Ежелгі қазақтың үрмелі аспабының үні бұл әуенге мүлде басқа реңк береді.
Кешті бірнеше дәуір мен мәдениетті тоғыстыратын музыка қорытындылайды: The Verve тобының «Bitter Sweet Symphony», Майкл Джексонның «Beat It» және Құрманғазының «Сарыарқасы».
85-ші мерейтойлық филармония маусымында сүйікті тыңдармандарымыз бен жаңа достарымызды оркестр музыкасынан бірге ләззат алуға шақырамыз!
МАҢЫЗДЫ! Концерт басталғаннан кейін 10 минут өткен соң концерт залының есігі жабылады. Сусындар мен азық-түлік өнімдерін залға алып кіруге тыйым салынады. Концерт бағдарламасына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Билеттер: филармония кассасында және Ticketon.kz онлайн-сервисінде сатылады.
Байланыс телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97
Электрондық пошта: isa.baizakov2012@yandex.kz